Алматылық құтқарушылар тауда қан қысымы көтерілген туристке көмек көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда жүріп ауырып қалған туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше 2021 жылдың 11 сәуір күні түстен кейін республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы-Арасан шипажайы ауданында турист қыздың денсаулығының нашарлай бастағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қыздың басы аурып, құсқан. Хабарлама оның танысынан келіп түсті, оқиға орнынан геолокациялық деректер де жіберілді. Өтініш берушінің айтуынша, қыз орындықта отыруға қалған, ал қалған туристер маршрутын жалғастырды»,- деп хабарлады ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Осы хабарламаны алғаннан кейін РЖҚЖ жедел тобы дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Алынған геолокациялық деректер өтініш беруші сипаттаған жерге сәйкес келмеді. Топ жетекшісі алынған координаттарды ұстануға шешім қабылдады.

«Қызды теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте Проходное шатқалынан тапты. Турист қыз арқасын ағашқа сүйеп отырды. Құтқарушы дәрігер зардап шеккен адамның қан қысымын өлшеді, ол айтарлықтай жоғарылағаны белгілі болды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін РЖҚЖ құтқарушылары қызды төмен қарай түсіріп оны Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды»,- деп атап өтті ведомствадағылар.


Соңғы жаңалықтар