Алматылық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындық үстінде. Барлық техника мен жеке құрам сақадай сай тұр, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім еткендей, алматылық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындық жүргізуде. Барлық техника, жеке құрам ықтимал су тасқыны кезіндегі жедел жұмысқа дайын. Құтқарушылар ауа райының тосын мінезін ескеріп, «Қазгидромет» метеорологтарымен және «Казселденқорғау» мамандарымен үнемі байланыста.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Алмат Жаныспаевтың айтуынша, қазіргі таңда аудан әкімдіктері арықтар мен өзен арналарын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Арық жүйесінің жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асады. Бүгінгі таңда 460 шақырымнан астам жер тазартылды.

«2023 жылғы су тасқыны кезеңінде Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының жалпы саны 1609 адам бар, әртүрлі мақсаттағы 618 бірлік техника, 85 мотопомпа, сонымен қатар 99 бірлік автономды электр станциясы бар», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Айтуынша, жүйелі мониторингті ұйымдастыру және су тасқынының салдарын алдын алу және су басу зардаптарын жою шараларын әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп комиссиялық зерттеу жүргізіліп, оның барысында су басу қаупі бар 102 аумақ анықталды.

«Бүгінгі таңда 62 мекенжайда канал желілерін қайта жаңарту және салу жұмыстары аяқталды, бұл 49 учаскедегі қауіп-қатерді жоюға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 7 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олар осы жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар