Алматылық құрылыс компаниялары құрылыс жүргізудің жаңа ережесін қолдайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының құрылыс компаниялары жаңа құрылыс ережесімен жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Құрылыс саласының одағы, сондай-ақ барлық құрылыс компаниялары құрылыс жүргізудің жаңа ережесін әзірлеуге бастамашы болды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімін қолдайды.

«Біз жаңа ереже аясында жұмыс істеуге және қабылданған нормаларды қатаң сақтауға дайынбыз. Біз де - қала тұрғынымыз және сіздермен бірге мегаполистің дамуына алаңдаймыз», – деді ол.

Спикер қаланың сәулет және қала құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін айтты.

Құрылыс саласы одағының өкілдері осы құжатты әзірлеуге тікелей қатысты.

Барлық қабылданған нормалар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және Алматының тарихи орталығының қайталанбас нақышы мен сәулеттік келбетін сақтауға арналды.

«Сонымен қатар қала құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен көгалдандыруға баса назар аудара отырып жүргізеді. Алматы өмір сүруге ыңғайлы мегаполис ретінде, жасыл қала мәртебесін сақтап қалуы тиіс», – деді Ералы Сауранбаев.


Соңғы жаңалықтар