Алматылық компания жаппай тәртіпсіздік кезінде қонақтарына тегін көмек көрсетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде «YourHouse» компаниясы қиын жағдайда қалған өз қонақтарына тегін көмек көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне компания басшысы Альмира Рафикова айтып берді.

«YourHouse» компаниясы 2019 жылдан бастап Алматыдағы тәуліктік жалдау нарығында жұмыс істейді. Компания басшысының айтуынша, Алматыда мұндай трагедия боларын ешкім ойламаған.

«Біздің пәтерлерде тұрған отбасылар 5-8 қаңтар аралығында, яғни, жаппай тәртіпсіздік кезінде пәтерлерді босатып, ешқайда кете алған жоқ. Біз қаладағы тыныш емес уақытты ескеріп, олардан сол кезден бастап тұрғаны үшін ақша алған жоқпыз.

Екі баласы бар отбасыға азық-түліктер де алып бердік. Себебі, ата-анасында балаларға беретін тамақтары таусылған, қолма-қол ақшалары да қалмаған жағдай болды.

Қонақтар қаңтар айындағы тапсырыстарын да тоқтатты. Біз олардың барлығына аванстарын қайтардық»,- деді Альмира Рафикова.

«YourHouse» компаниясы 10 қаңтарда телеграм желісі істеген бойда сондағы еріктілер тобына қосылып, қаладан шыға алмай, Алматыда қалып қойған отбасыларға тегін баспана беретіні туралы хабарлаған.

«Дегенмен, қонақтарды қабылдап, орналастыру бойынша өз талабымызды қойдық. Яғни, бізде тұру үшін қонақтарда міндетті түрде жеке куәлігі, пойыз немесе әуе билеттері болуы керек болды. Себебі, бізге өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі де маңызды»,- деді компания басшысы.

Қазіргі уақытта «YourHouse» санитарлық нормалар мен қонақтарды орналастыру ережелерін қатаң сақтай отырып, әдеттегі жұмысын жалғастыруда. Қазір 42 нысаны бар.

«YourHouse» нысандарының мекенжайы мен фотоларын www.your-house.kz сайты мен @yourhouse.kz. инстаграм парақшасынан таба аласыз. Байланыс телефондары: 87073243344, 87762423344


Соңғы жаңалықтар