+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Алматылық коммунистер зейнетақы жүйесін қайта қарауға шақырды

2020 жылғы 29 қыркүйек 03:21
Бөлісіңіз:
Алматылық коммунистер зейнетақы жүйесін қайта қарауға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғамдық талқылауда алматылық коммунистер зейнетақы жүйесін реформалау мәселесіне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коммунистік партия несие рақымшылығын жариялауды талап етіп мәлімдеме жасады «Ауыл – Ел бесігі»: Ақмола облысындағы үш елді мекенде 31 жоба жүзеге асырылды Халықтың әлеуметтік осал тобын мемлекеттік қолдауда жүйелілік жетіспейді - коммунистер

Шет елдердегі зейнетақы жүйесін мысалға келтірген Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі Ақбөпе Әбілқасымова біздің елдегі зейнетақы жүйесін қайта қарау қажет деп санайды.

«Жыл сайын Австралияның Монаш университеті «Meрсие» консалтинг компаниясымен бірге әлемдік зейнетақы индексін жүргізеді. Зерттеу нәтижесі бойынша олар екінші жыл қатарынан әлемдегі ең жақсы зейнетақы жүйесі ретінде Нидерланд пен Данияны атады. Данияда зейнетақы жүйесі қаржыландырылады. Бұл елде адамдар зейнетке 67 жаста шығады. Оларға жинақтаушы қорға жарна мемлекеттік бюджеттен төленеді. Осылайша, олардың зейнетақысы өте жоғары болады. Ал Нидерландта қаражаттың 50% мемлекеттік бюджеттен түседі. Қалғанын жұмыс беруші төлейді. Қазір бізге жинақтаушы жүйенің тұрақтылығын бағалау қажет. Біз дұрыс бағыттамыз ба, осыны түсінуіміз керек», - дейді спикер.

Кездесу барысында партия мүшесі Гүлдана Нұрпейісова да зейнетақы жүйесіне қатысты оз ойын ортаға салды.

«Қазір қазақстандықтардың зейнетақы мөлшері әр түрлі. Ия, индекстеу инфляция мен экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып жүзеге асырылады. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Бірақ біз мұны жеткіліксіз деп санаймыз. Қарттар мен аға буынға қатысты заң шығару керек. Олардың мәртебесін анықтау қажет. Бұл заң зейнеткерлердің өмірін, олардың зейнеткерлік кірістерін, емделуін және басқа да маңызды мәселелерді қарастырады. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қымбаттады. Көбі зейнеткерлік жасқа да жетпейді.Сондықтан зейнетке шығатын жас пен жұмыс күшінің барлық санатын қайта қарау қажет. Бізде ауыр әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтіндер бар. Сондықтан арнайы комиссия құру керек. Бізге қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру қажет. Ең төменгі зейнетақы деңгейін көтерген жөн. Зейнетақы жүйесіне қатысты көптеген сұрақтар бар. Болашақ зейнеткерлердің жүйесі қандай болады, біз бұл туралы қазір ойлануымыз керек», - дейді Гүлдана Нұрпейісова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT