Алматылық келіншектер Гиннес кітабына енетін құрақ көрпені тігуге дайындалуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына енетін ең үлкен құрақ көрпені тігу үшін шеберлер біліктіліктерін шыңдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 наурыз күні Астана алаңында 45 әйел жалпы ауданы 25 мың шаршы метрлік құрақ көрпе тігетін болады.

Осыған орай, бүгін С.Бегалин атындағы кітапханада алғашқы шеберлік сағаты өтті. Рекордты жаңартуға ниет танытқан әйелдерге көрпе құраудың қыр-сыры көрсетілді. 

Шеберлік сағатында келгендерге көрпені құрау техникасы үйретілді. Ол үшін әйелдер өздеріне қажетті маталары мен жіптерін ала келген.
null null 

«22 наурызда құрақ көрпе құрайтын әйелдерді үйретіп жатырмыз. Ол ең үлкен көрпе ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енетін болады. Шеберлік сағатына қатысуға барлық азаматтарды шақырамыз», - деді шараны ұйымдастырушы, Алматы қалалық кітапханалар жүйесінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Роза Қабиева.

Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен көрпені тігу 22 наурыздан басталып, 20 қыркүйек - қала күніне таман аяқталады.
null null 

Бұған дейінгі ұзын көрпе рекорды 2000 жылы Португалияның Порто қаласында жасалған еді. Онда аумағы 25 100 шаршы метр «Manta da Cultura» көрпесі тігілген.

 «Құрақ көрпенің әр бөлшегі Отанымыздың сан алуандығын: оның даласын, тауы мен өзенін көрсетеді. Ал басты символы - халық бірлігі. Қазақстанда 130-дан астам  ұлт тұрады.  Көрпенің құрақтары тұтас жамылғыға айналып, еліміздің тұтастығын паш етеді», -  деді жобаның басты ұйымдастырушысы Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасының өкілдері.
null 

Биыл Алматыда Наурыз мейрамы ауқымды аталып өтпек. Қалада 22 наурыз- 21 сәуір аралығында 150 мәдени-спорттық шара ұйымдастырылады.

Ал Ұлыстың ұлы күні бас көшелерде орналасқан 40 медиабордтан тікелей трансляцияланатын болды.
null null 

Соңғы жаңалықтар