Алматылық келіншек түн ұйқысын төрт бөлгені үшін мүгедек әпкесін буындырып өлтірген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүгедек әпкесін буындырып өлтірген келіншек 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Бауыржан Ахметов хабарлады.

Л.Яшкина Л.Алексеева есімді мүгедек әпкесімен бірге тұрған. Әпкесі өздігінен қозғала алмайды екен. Түн ішінде ауруы жанын жеген кезде әпкесі қатты айқайға басады екен. Ұйқысынан маза кеткен келіншек 15 маусымда өзінің туған әпкесін қос қолымен буындырып өлтірген. Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен Л.Яшкина ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң режімдегі түзету колониясында өтейтін болды. Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Соңғы жаңалықтар