Алматылық келіншек Шаржыдан 2 келіге жуық алтынды заңсыз әкелмек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы әшекей заттарды заңсыз алып өтпек болған әйелді ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.

«Алматы» әуежолы шекаралық бақылау жасағының бақылаушылары 42 жастағы Қазақстан азаматшасының қолжүгін қарау кезінде жарияланбаған, салмағы 1 кг 615 грамм болатын, алдын ала болжам бойынша алтынға ұқсайтын әшекей заттар табылды. Жасырын жүк «Шаржы - Алматы» рейсі арқылы жеткізілген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар