+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Алматылық кәсіпкерлерге үндеу жарияланды

2020 жылғы 22 қыркүйек 16:11
Бөлісіңіз:
Алматылық кәсіпкерлерге үндеу жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов әлемде эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты алматылық кәсіпкерлерді санитарлық талаптарды сақтауды күшейтуге шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біздің алдымызды өте маңызды мәселе тұр – бұл пандемияның екінші толқынының басталуы. Біз Батыс Еуропаның, тұтастай алғанда көптеген елдердің осы құбылыспен тап болған жағдайды көріп отырмыз. Қазақстандағы, оның ішінде Алматыдағы статистикаға сәйкес, коронавирус инфекциясының статистикасы тұрақты», – деді Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, ол коронавирус инфекциясының жағдайының тұрақтылығына қарамастан, алдын алу шараларын сақтауға тиісті назар аудару өте маңызды екенін атап өтті.

«Барлық қарапайым ережелерді сақтау маңызды (әлеуметтік қашықтық, маска режимі және т. б.). Осылайша, біз карантин шараларын енгізуді кейінге шегеруіміз мүмкін. Осы шараларды сақтай отырып, кәсіпкерлер өз қызметін одан әрі жалғастыра алады. Пандемияның екінші толқыны басталған кезде кәсіпорындарды толық карантинге жабу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты мен кәсіпкерлерді сақтық шараларын сақтауға шақырамын», – деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT