Алматылық кәсіпкерлер өңірлік сауда торабын салу туралы бастаманы көтерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық кәсіпкерлер биліктен Өңірлік сауда торабын салу бастамасын қолдауды сұрайды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің отырысы барысында Өңірлік кеңес төрағасы Иван Кравченко мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірлік сауда торабы акционерлік қоғам, өндіріс кооперативінің нысаны ретінде немесе Халықтық IPO түрінде құрылады. Осыған сәйкес саудагерлер өздерінің анық сауда орындарын белгілеп, жеке меншік сауда орнын иемдену құқығына ие болады.

«Яғни уақыт өте келе саудагерлер жағдайларына қарай өздерінің сауда нүктелерін сатуға, айырбастауға немесе мұрагерлікке қалдыруға, қажет болған жағдайда жылжымайтын мүлік ретінде кепілдікке салуларына болады. Сонымен қатар жарғылық капиталға түсіретін салым ұйымдастырушы-операторға қатысудан түседі, сауда алаңын алған әрбір қатысушының сауда нүктелеріне пропорционал келеді», - деп түсіндірді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің төрағасы Иван Кравченко.

20 шаршы метр сауда орнын иемдену үшін саудагерлерге жобаның ұйымдастырушы-операторының капиталына 22 мың доллар сомасында үлескер болу ұсынылады, бұл екі жыл мерзімге жалға алудың қазіргі шығынынан айтарлықтай төмен.

Сонымен қатар, жобаның жүзеге асуы барысында үлесті кезең-кезеңімен сатып алуды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Өңірлік Кеңестің отырысында қала бизнесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар