Алматылық кәсіпкерлер инновациялық бизнес идеясы үшін 3 млн теңге алатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық кәсіпкерлер инновациялық бизнес-идеясы үшін 3 млн теңге алатын болды. Бұл туралы бүгін қалалық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының инновациялық грант беру комиссиясының отырысында белгілі болды.

Жұмыс тобы аймақтық үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша инновациялық грант бөлу мәселесін қарастырды.

Қабылдау комиссиясы 1-31 наурыз аралығында 73 өтінім қабылдаған болатын.

Осы мақсатта республикалық бюджеттен 84 млн теңге бөлінген.

Аталған байқауға жұмысын жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер, әйел адамдар, 50-ден асқан тұлғалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.

Мемлекеттік гранттар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында беріледі.

Сарапшылардың айтуынша, биылғы байқаудың талаптары қатаң. Алдымен, бизнес жоба идеясы жаңа, жасампаз болуы, әрі маркетингтік анализ жүргізілуі қажет. Бизнес ойдың нарықтық сұранысқа ие болғаны шарт.

Бизнес жоспарда атқарылатын барлық істер, атап айтқанда, ғимарат, сату нарығы, өндірісті қосуға дайындық, құрал-жабдықпен қамту мәселелері көрсетілуі тиіс. Үміткердің 10 пайыздай қаражаты болуы міндетті. Сондай-ақ, берілетін ақшаны жылжымайтын мүлік, жер телімі, жал ақысы ретінде пайдалануға тыйым салынған.  

Соңғы жаңалықтар