+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алматылық кардиологтар 69 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

2019 жылғы 6 желтоқсан 14:47
Бөлісіңіз:
Алматылық кардиологтар 69 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық тұрғын қалалық кардиологиялық орталық мамандарына жиі ентігіп, ауа жетпей қалатынын айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Массаж жасаушы: Арбаға таңылған әкемді аяғынан тұрғыздым Қытайда пневмонияның жаңа түрі өршіп барады Қыс мезгілінде жүрекке ерекше күтім қажет – кардиолог Михаил Телюк

Денсаулығына шағымданған әйелді дәрігерлер дереу эхокардиографиядан өткізді, нәтижесінде миксома - жүрек ісігі анықталды. Яғни сол жақ атриум жүрегінің қатерлі ісігі. Ісік митральды қақпақшаны жауып қалуға аз қалған.


«Ісікті операциялық жолмен шұғыл алып тастау керек болды, әйтпесе ісік митральды қақпақшаны жауып тастар еді. Бұл өлімге әкеледі», - деді Алматы қалалық кардиология орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев.

Операция жасанды жолмен қан айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қойып жасалды. Дәрігерлер осы уақыт ішінде ісікті алып тастады. Жалпы, ота 2 сағатқа созылды.

Бүгінгі күні науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы тұрақты, оны ауруханадан үйіне шығаруға дайындап жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT