Алматылық инфекционист коронавирустан сақтану және емделу жөніндегі басты сұрақтарға жауап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Инфекционист-дәрігер Тамара Отағанова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн сұхбат барысында коронавирустың белгілері, алдын-алу және емдеу туралы негізгі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус инфекциясы мен суық тиюд қалай ажыратуға болады? Айтарлықтай ерекшеліктері бар ма?

– Жедел респираторлық инфекцияларды ешкім жоққа шығара алмайды, белгілері шынымен ұқсайды. Алайда біздің жедел респираторлық вирустық инфекциялар кезінде мұрын бітіп, жөтел пайда болады, тамақ жыбырлап, температура көтеріледі және адам өзін үш күннен кейін жақсы сезіне бастайды, интоксикация соншалықты қинамайды. Коронавирус инфекциясы кезінде температура тұмаудағы сияқты бірінші күндерден бастап 38 градусқа дейін көтерілмейді. Қандай жағдай болмасын, дәрігерге қаралу керек. Алда күз мезгілі, жедел респираторлық инфекция маусымы. Біз осы бастан тұмауды тексере бастаймыз. Және жедел респираторлық ауру белгісі бар әрбір адам коронавирус инфекциясын жұқтырған потенциалды науқас ретінде қарастырылады.

КВИ балаларда белгілерсіз өтетіні қаншалықты рас?

– Балалардың КВИ-ді әлдеқайда жеңіл өткізетіні рас, алайда бұл «санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұстанбау керек» деген сөз емес. Балаларға да карантинді қатаң сақтау керек.

– Ауруханаға жатқызарда коронавирус инфекциясы ауыр өтіп жатқан адамға басымдық беріледі. Ауру белгісі жоқ адамдардың көбі үйінде медициналық қызметкердің бақылауында жатыр. Яғни, үйдегі адам коронавирус инфекциясы ауруының тоқтағанын қалай біледі? Дәм, иіс сезу рецепторының қайтып келуі сияқты негізгі белгісі бар ма?

– Интоксикация (улану) белгісінің жоғалуы және азаюы. Температураның тұрақталуы. Әлсіздіктің, тершеңдіктің, бастың сынып ауруының азаюы. Адам өзін қанағаттанарлық жағдайда сезінуі керек. Осындай бақылаудан кейін клиникалық жақсарғаннан кейін, дәрігер ПТР тестін тапсыруды тағайындайды. Коронавирус кеткен кезде адам өзін қанағаттанарлық жағдайда сезінеді және аздап тершеңдік сақталуы мүмкін. Иіс сезуге қатысты, ол әркімде әр түрлі өтуі мүмкін. Үш күннен кейін, тіпті екі айдан кейін қалпына келуі мүмкін. Егер науқаста иіс сезбеу белгісі әлі де бар болса, ол айналасындағыларға қауіп төндіреді деген сөз емес.

– Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан адамдарда байқалатын аурудың зардаптары туралы айтып берсеңіз?

–Шаршау, әлсіздік, ұйқысыздық түріндегі астенизациясы аурудан кейін де болады. Оның ұзақтығы барлық инфекциялық аурулар кезіндегідей екі аптадан, екі айға дейін жалғасуы мүмкін. Коронавирус инфекциясымен ауырған адам осы сезімдерді басынан өткізгенін сезінеді және ол құбылыстар сақталады. Бел тұсының, бұлшықеттінің ауыруына қатысты айтар болсақ, иә, науқастарда аурудың осылай өту ағымы дар бар. Ауру күрделенген кезеңде төс асты ауырып, ішектерде жайсыздық орнап, жиі іш өтеді. Сонымен бірге, бел тұсы, бел төңірегіндегі бұлшықеттер ауырады. Бұл интокикациялы науқастар ауыр өтеді. Бірақ бұл аурудың өту мерзімі емес, керісінше өршу кезеңі.

– Бұл дертті қайта жұқтыру мүмкін бе? Ауырып болған адамның біраз уақыттан кейін коронавирусты қайта жұқтыру кездесті ме?

– Бізде инфекцияны қайта жұқтырып, қайтадан ауруханаға жатқызу жағдайы болған жоқ. Ауырып шыққан науқастардың көбі иммундық ферментті анализ тапсырды, олардың бәрінде М және G класының иммундық глобулиндері қалыптасып үлгерген. Меніңше, ауру белгілері жоқ адамдар басқаларға жұқтырмау үшін қалай болғанда да 14 күндік карантинге шыдағаны жөн.

– Коронавирус инфекциясы кезінде одан жеңіл өтуіне көмектесетін, болмаса өкпенің қатты зақымдануының алдын алатын тыныс алу жаттығуы бар ма?

– Тыныс алу гимнастикасын біз стационарда емдеу кезінде қолданамыз және науқастарға ауруханадан шыққаннан кейін де жасауды ұсынамыз. Пациенттерге біз үнемі үлкен шарларды үрлеп, дөрекі тыныс алу гимнастикасын жасаудың қажеті жоқ екенін айтамыз. Адам бір әрекет жасағанда одан шаршап, қалжырамауы керек. Тыныс алу гимнастикасы коронавирус инфекциясын емдеуде көмектеседі дегенмен келісемін. Бірақ, тыныс алу гимнастикасынан ауру жеңіл өтеді деп айта алмаймын. Ол ағзаға енген вирустардың шоғырлануына, адамның қосылқы аурулары мен өкпенің қаншалықты зақымданғанына байланысты. Тіпті стационарда біз тыныс алу гимнастикасын абайлап нұсқаулық етеміз. Кей жағдайларда тыныс алу гимнастикасын жасауға болмайтын кездер болады.

– Коронавирус инфекциясы бар науқастардың бәріне компьютерлік томографиядан өту қажет пе, болмаса сәйкес белгісі болған жағдайда ғана ма? Тек профилктикалық мақсатта аталған тексеруді жүргізуде КТ ағзаға қандай зияны бар?

–Компьютерлік томография – диагностикалық және профилактикалық әдіс емес. Сондықтан профилактика үшін оны жасаудың керегі жоқ. Бұл сәулелі диагностика, сәулелендіру болады. Бұл өмірге қауіпті емес, дегенмен оны ретсіз жасаудың қажеті жоқ. КТ біз науқастарға коронавирус инфекциясының клиникасымен жасаймыз, бұл жөнінде хаттамада бар. Біз КТ өкпенің зақымдану аумақтары бойынша бағдар жасап, одан кейін аурудың кезеңін анықтаймыз. Бірақ профилактика үшін оны жасаудың қажеті жоқ.

– Коронавирусты емдеу хаттамасы өзгерді ме? Қазір қандай препараттар қолданылады және неден бас тартылды?

– Диагностикалау және емдеу хаттамасы өзгерді. Хаттама табылған практикалық дағдылар тәжірибесінің пайда болуына қарай, сонымен бірге, осы және басқа да дәрілік құралдарды қолдану бойынша, коронавирус инфекциясы кезінде диагностикалық сәттерінің пайда болуына қарай өзгеріп отырады. Хаттамада вирусқа қарсы терапия қайта қаралған. Хаттамадан гидроксихлорохин, лопинавир алынып тасталған. Бұларды алдында ДДСҰ ұсынған болатын.

– Алматыдағы соңғы пневмонияға қатысты жағдайлар коронавирусқа байланысы бар ма?

–Диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша компьютерлік-томографиялық талдамасы жағынан вирустық ағымға ұқсас барлық пневмониялар потенциалды коронавирус деп саналады. Олар стционарларда ПТР зерттеуінен кейі ғана анықталып, іріктеледі. Дәрігерлер бактериялы, вирус пневмонияларын клиникалық және аспаптар арқылы да ажырата алады. Пневмониямен науқастанғандардың бәрі коронавирусқа жатпайды. Науқастарға деген қарым-қатаныс, эпидемияға қарсы шаралар, емдеу шаралары коронавирус науқастарына қолданылғандай қолданылады.

– Алматыда науқастарды ауруханаға жатқызар алдында қолданыла бастаған «эшелон» терминіне нақты анықтама бере аласыз ба?

– Эшелондар, бұл стационарларды науқастардың жағдайының ауырлығы бойынша стационарлармен өзара байланыс. Диагностикалау кезіндегі қиындықтар және олардың жансақтау көмегі мен қарқынды терапияға қаншалықты мұқтаж екендігіін білдіреді. Алматыда маска режимін сақтауға қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны өтіп жатыр. Соған қарамастан, айыппұл енгізілсе де тұрғындар тарапынан бұзушылықтар жалғасуда. Себебі көбі маска тағу қажеттілігін түсіне бермейді. Маска режимі потенциалды жұқтыру қаупін төмендетеді. Сондай-ақ, ара қашықтық сақтап, міндетті қол гигиенасын ұмытпау керек. Біз өзіміз үшін жауапкершілікпен қарауымыз тиіс. Бүгінгі таңда осы дертпен ауырмаған бір де бір отбасы жоқ шығар. Біз ауруды жұқтырсақ ол өзіміздің жеңіл қарауымыздан, жауапсыздығымыздан және сенімсіздігімізден екенін түсінуіміз керек. Ақыр соңында өзіміздің туғандарымызға жұқтыруымыз мүмкін екенін түсінуіміз керек, ал бұл ауру өте қауіпті. Сол себепті барлығынан эпидемияға қарсы шараларды сақтауға шақырамын.

– Біз қоғамдық орындарда адамдардың топтасуы әлі де жалғасып жатқанын көріп жүрміз.

–Қашықтықты сақтау керек. Біз инфекцияны жұқтырғанда бірден ауырмаймыз. Инкубациялық кезең бар. Бұл кезеңде адам өзінің инфекция жұқтырғанын және басқаларға жұқтыруы мүмкін екенін білмейді. Біздің жанымызда, топтасқан адамдар арасында аурудың белгілері жоқ тасымалдаушысы болуы мүмкін, сол себепті арақашықтықты маска режимі сияқты сақтау керек.

Коронавирус инфекциясымен пуырған адамдарда иммунитет пайда бола ма және онымен қайта ауыру болжамы қандай?

– Иммунитет пайда болады, адамдар ауырып алған оңай деп ойлайды, алайда дерттен аман өту жағы бар. Бізге жансақтау, қарқынды терапия бөліміне ауыр жағдайдағы науқастар келіп түскенде көбіне сауығу туралы емес, аман қалуы жайлы айтамыз. Сол себепті ауырып алған жөн деп тұжырымдау дұрыс емес. Ауру жеңіл өтіп, сіз иммунтет көтеріп алсаңыз жақсы. Алайда бәрі керісінше болуы да мүмкін.

Жаз негізінен ішек инфекциясының маусымы болып саналады, оларды қалай емдеп жатырсыздар ?

– Ішек инфекциялары да бар. Олар көпсалалы стационарлардың инфекциялық бөлімінде емделеді. Провизорлық стационарларда емес. Оларды коронавируспен араластырмаймыз. Сол себепті адамдарды бөлу және карантин шараларын сақтау аталған инфекциялық аурудың азаюына әкелді. Ішек инфекциялары туралы айтып отырмыз.

– ЖРВИ алдын-алу үшін қандай кеңес берер едіңіз. Өзімізге дәрумендер кешенін тағайындау қаншалықты дұрыс, оның жанама әсерлері қалай болмақ?

– Поливитаминдер адамдар өз организмін күшейтуге дайындық жасаудамыз деп ойлайтын көптеген жағдайларда қолданылатын ем түрі ретінде қолданылады. Қазақстанның қазіргі климаты өте жақсы. Қазір жаз кезі, жеміс-жидек мен көкөніс көп. Сәйкесінше бұл дәрумендерді табиғи түрде алуға болады. Сол себепті арнайы химиялық препараттарды алмауға кеңес беремін.

– КВИ беткі қабаттардан жұқтырып алу фактілері бар ма, осындай жолмен жұқтыру ықтималдылығы қаншалықты?

– Беткі қабаттардан жұқтыру жоққа шығарылмайды. Қаламыздың стационарларында ҰСО күшімен беткі қабаттарға зерттеу жүргізілді. Науқас болған жерден шайынды алынды. Терезе алдының, персонал киімдері салынған тумбалардың беткі жағынан, төсек-орыннан шайынды алынды. Расталған жағдайлар көп болды. Сонымен бірге, жеке қорғаныс құралдарын қолданған кезде біз оны ауыстыру кезінде жауапкершілікпен қарау керек. Біз киімді шешіп жатып жұқтыруымыз мүмкін. Осы үстіңгі беттерінен егер көздеріміз ашық, қорғаныш құралдарынсыз болса, немесе ЖҚҚ дұрыс қолданбасақ және дұрыс жоймасақ, өзіміз де жұқтырып алуымыз мүмкін. Дезинфекциялау бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді.

– Масканы дұрыс жою бойынша қандай ұсыныс айтасыз?

– Біз потенциалды таратушы болуымыз мүмкін, сол себепті масканы тағу арқылы біз өзімізді ғана емес, басқаларын да қорғаймыз. Масканы көшедегі қоқыс жәшігіне, жақын маңда тұрған контейнерге тастамаған жөн, одан да үйде жойған дұрыс. Целлофан қапшыққа салып, аузын буып тастау керек.

– Дүкеннен, базардан сатып алынған азық-түлікті, көкөніс пен жемісті қалай дұрыс өңдеп тазалау керек?

– Сыртқы ортада вирус азық-түлікте де, тегіс беттерде де сақталуы мүмкін. Сәл ертерек вирус сыртқы ортада өзінің өміршеңдігін жоғалтпай 96 сағаттан кем емес уақыт өмір сүреді деп айтылған еді. Азық-түлікті әдеттегідей жолмен тазалап өңдеу керек.

КВИ қандай препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болады және қандай дәрілерді пайдаланбаған жөн?

– Дәрігердің нұсқауынсыз тек көп мөлшерде су ішуге болады. Мен науқастардың өз бетінше емделгеніне қарсымын, оның үстіне, коронавирус инфекциясы сияқты қауіпті дерт кезінде. Өзін жайсыз сезініп, коронавирус белгісін байқаған адам медициналық көмекке жүгенуі тиіс. Тіркелген орны бойынша өзінің дәрігеріне хабарласып, міндетті түрде кеңес алу қажет. Осыған дейін болған қарбалас (дәріханалардағы дәрі сатып алу) шындығында негізсіз болды. Коронавирус инфекциясы кезінде антибиотиктерді тағайындау бірінші кезекте таңдалатын препараттар емес. Дәрігер антибиотикті егер қосымша инфекция қосылған жағдайда жазып береді. Дәрігердің нұсқауынсыз антибиотикті сатып алмауға кеңес беремін. Бір антибиотикті қабылдап жүріп, көмектеспегеннен кейін басқасына ауыстырғандар бар. Әрине, пациенттер антибиотикті емделу үшін қабылдайды. Қала емханаларында коронавирус инфекциясын амбулаторлық деңгейде емдеудің хаттамасы жасалған. Осыған байланысты өзін-өзі емдеумен айналыспауды ұсынамыз. Бактерияға қарсы және басқа да препаратты қолдану кезінде адамда аллергия рекациясы туындауы мүмкін. Екіншіден, қажет емес жағдайда антибиотикті қолдану дисбиоз тудырады, бізге қажетті флораны өлтіре отырып, басқа бактериялардың көптеп бөлінуіне жол ашамыз. Антибиотикті қолдану арқылы дисбактериозды өзіміз шақырамыз. Коронавирус инфекциясына сілтеп, антибиотикті қолдану арқылы организмді химиялап, иммунитетті төмендетеміз. Мен оны өршіту керек демеймін, бірақ артық препараттармен төмендеткен дұрыс емес.

– Бүгінгі таңда дәріханаларда бір қолға бір дәрі деген ереже бар. Соған қарамастан, көптеп алып жатқандар бар, оларға айтарыңыз?

– Керек болып қалады деп препараттарды алып қоюды мен дұрыс қадам деп ойламаймын. Алайда, дәрігер науқасқа үнемі оның қолында бар препаратты емес, оған қажет препаратты белгілейді. Оның үстіне препараттардың жарамдылық мерзімі бар. Препараттарға ақша шығындап, кейін оларды қажет болмағаннан кейін жай ғана тастау керек болады. Мерзімі өтіп кетеді. Препаратты сатып алған кезде оларды қалай сақтау керектігіне назар аудару керек. Ал егер препараттың қолдану мерзімі ұзақ болып, дұрыс сақталмаған жағдайда ол да пайда әкелмейді.

– Коронавирус тұзды суда өледі деген қаншылықты шындыққа сәйкес келеді?

–Коронавирус тұзды суда жойылады деген жай қауесет қана. Ол барлық дезинфекциялық құралдарға, барлық антибиотиктерге сезімтал келеді. Беткі қабаттарды дұрыс дезинфекциялау, қолды дұрыс өңдеу, қолды дұрыс жуу - міне, осылар көмектеседі. Осы шараларды қолдану кезінде коронавирус жойылады.

Әңгімеңізге рахмет!


Соңғы жаңалықтар