+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматылық инфекционист коронавирустан кейін оңалту шарларының маңызы жайында айтты

2021 жылғы 15 қыркүйек 22:38
Бөлісіңіз:
Алматылық инфекционист коронавирустан кейін оңалту шарларының маңызы жайында айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- COVID-19 және коронавирус пневмониясымен ауырған науқастар оңалтуды қажет етеді. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-инфекционисі Ольга Антипова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаланы бірге көркейтеміз: Бақытжан Сағынтаев Алматының болашағы туралы айтты Алматыда пәтер тонаушы қылмыс үстінде ұсталды Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыды

Дәрігердің айтуынша, коронавирустың салдары әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан емделіп шыққандар терапевт дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс.

«Оңалту коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандарға да тағайындалады, бірақ ол үйде жүргізіледі. Бұл – қарапайым тыныс алу жаттығулары, таза ауада серуендеу, диета. Аурудың орташа және ауыр дәрежесінен кейін науқастар оңалту бөліміне жіберіледі. Мысалы, біздің ауруханада физиотерапия мен гимнастика жүргізілетін оңалту бөлімі бар», - деді спикер..

Дәрігер-инфекционист кеуде қуысының төменгі бөлігінде электрофорездің қабынуға қарсы әсері барын, коронавирус жұқтырғандарды оңалту үшін қолданылатынын, сонымен қатар виброакустикалық аппараттық массаж жасалатынын айтты.

«Процедура 5-7 күн ішінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, коронавирустан кейін санаторлық-курорттық ем көрсетіледі. №5 қалалық клиникалық аурухананың емделушілері «Каменское плато» шипажайына оңалтуға жіберіледі»,- дейді дәрігер.

Брифинг барысында Ольга Антипова алматылықтарды санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға және жауапкершілікпен қарауға шақырды, өйткені дерт өте қауіпті және залалдары көп.

«Тіпті жеңіл немесе симптомсыз аурудың да залалы болуы мүмкін. Науқастар 30%-ы тез шарашайды, оларды ұйқысы бұзылады, шамадан тыс терлейді. Ағзада вирус жұқтырмайтын орган жоқ, ең алдымен қан тамырлары зақымданады», - деді ол.

Спикердің сөзінше, постковидтік синдром бір аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ол емделіп шыққан балаларға да оңалту қажет екенін тілге тиек етті.

«2020 жылдың қарашасынан бастап біздің ауруханада 380 бала емделді. Біз ауыр науқастарды кездестірмедік, сондықтан педиатр тексергеннен кейін оңалту үйде өтті. Ата-аналар мен балаларға тыныс алу жаттығуларын қалай жасау керектігі түсіндірілді. Дәрігер-реабилитолог жаттығуларды қалай жасау керектігін көрсететін бейнеролик түсірді», - деді Ольга Антипова.

Сөзін қорытындылаған дәрігер-инфекционист барлық дәрігерлердің емделіп шыққандарды оңалту бойынша қажетті жағдайларды толық жасайтынын атап өтті.

«Коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде бүйрекке, бауырға және жүрекке әсер ететін күшті препараттар қолданылатынын есте сақтаған жөн. Оңалту шараларынан соң науқастардың денсаулығы қалпына келеді»,-деп атап өтті»,- №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-инфекционисі Ольга Антипов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT