Алматылық Ілияс Егізбаевтің өлімінің алдын ала себебі аталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 19 жастағы алматылық Ілияс Егізбаевтің өлімінің алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, қара жамылған отбасына көңіл айтамын. Екіншіден, полиция қызметкерлеріне іздеуге көмектескен волонтерлерге алғыс білдіремін. Біз оны таптық, қазір тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша – суицид», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Еске салайық, Ілияс Егізбаев 19 мамырда түскі сағат 15:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы әлеуметтік желіде жазылған болатын.

Бүгін Полиция департаменті 19 жастағы жігіттің денесі таулы аймақта табылғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар