Алматылық дәрігерлер жадын жоғалтқан науқастың туыстарын іздеуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жеті айдан бері ауруханада жатқан науқастың туыстарын табуға көмек сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың ақпанында №4 қалалық клиникалық ауруханасының инсульт орталығына «Ишемиялық инсульт» диагнозымен науқас келіп түсті. Еуропалық келбеттегі әйелдің жасы шамамен 50-де.

«Ауруханаға түскенде әйелдің жағдайы орташа деңгейде деп бағаланды, клиникалық дәрігерлер қажетті медициналық көмектің барлық көлемін ұсынды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады», - деп хабарлады ведомствода.

Бүгінгі күні оған стационарлық көмек қажет емес, клиника дәрігерлері науқасты үйіне шығара алмай отыр.

«Сіздерден әйелдің туыстарын табу үшін ақпарат таратуларыңызды сұраймыз. Жеке куәлігі болмағандықтан, науқасты Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына ауыстыру мүмкін болмай отыр»,- дейді ауруханадағылар.


Соңғы жаңалықтар