Алматылық дәрігерлер Рамазан айында тамақтан уланудан сақ болуға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының санитариялық дәрігерлері Рамазан айында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларынан сақтануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты барлық шектеу шаралары алынып тасталды. «Бұл ауыз ашар кезінде адамдардың көптеп жиналуына мүмкіндік береді. Бірақ, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін КВИ-дің қарапайым алдын алу шаралары туралы ұмытпаңыз. Оразаларыңыз қабыл болсын» делінген департамент таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, мамандар тамақтан уланудан және ЖІИ ауруларынан қорғану үшін бірқатар кеңес ұсынады. Атап айтқанда:

- жарамдылық мерзімі өткен, таңбасы анық емес немесе жоқ, ыдыста деформация және бомбаж белгілері бар тамақ өнімдерін рұқсат етілмеген сауда орындарынан алмау керек;

- егер ыдыстың бүтіндігінің бұзылу белгілері болса, мұздатылған азық-түлікті сатып алмаңыз;

- тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз, себебі бұл бактериялар мен токсиндердің жиналуына әкелуі мүмкін;

- респираторлық және асқазан-ішек ауруларының белгілері бар науқастардың тамақ дайындауына жол бермеңіз;

- үйде жеке гигиена ережелерін және ыстық, суық тағамдарды дайындау технологиясын, тамақ өнімдерінің, әсіресе, тез бұзылатын және шикі өнімдердің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын сақтау керек, сондай-ақ дайын тағамды бөлек сақтау қажет;

- шикі және дайын өнімдерге бөлек пышақ пен тақтай пайдаланыңыз;

- көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды су астында, ал балалар үшін қайнаған сумен мұқият жуыңыз;

- салаттар, тартылған ет өнімдерін аз мөлшерде дайындап, тағамдарды бір күннен артық сақтамаңыз;

- жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз. Егер дайын тағам келесі күнге қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу керек (қайнатыңыз немесе қуырыңыз);

- тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;

- торттарды тоңазытқышта сақтаңыз, сонымен қатар бұл тез бұзылатын тағам екенін ұмытпаңыз;

- су ішуге және тамақ дайындауға сүзілген суды пайдаланыңыз.


Соңғы жаңалықтар