Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы зақымданған зейнеткерді аман алып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы зақымданған зейнеткерді құтқарып қалды.

Науқас коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда екіжақты пневмониямен ауруханаға түскен. Бұл туралы қалалық орталық аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 67 жастағы әйел Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 22 наурыз күні ауыр халде түскен. КТ тексеру кезінде өкпенің екіжақты полисегменттік зақымдануын көрсетті. Сонымен қатар, өкпенің 96 пайызы қабынғаны анықталды.

Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Аурухана реаниматологтары сегіз күн деген де оны ауыр жағдайдан алып шықты.

Емдеу кезінде мамандар оттегімен қамтамасыз етілген медициналық құралдарды қолданды. Тек дәрігерлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында әйелдің беті бері қарады.

«Емдеу шаралары созылмалы өзге де аурулар болғандықтан қиын болды. Науқаста артериялық гипертония, жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, ишемиялық кардиомиопатия болған. Бүгін науқас ауруханадан толық жазылып үйіне шықты. Қазір денсаулықжағдай жақсы. Енді амбулаториялық жағдайда жергілікті дәрігердің бақылауында болады, қажет болған жағдайда ол оңалту курсынан өтеді «, - дейді емдеуші дәрігер Ихтияр Байжанов.

Алматылық әйел дәрігерлерге алғыс айтты.

«Бар қиындық артта қалды. Мен дәрігерлерге, медбикелерге және санитар қызметкерлерге өте ризамын. Олар мені аман алып қалды. Маған екінші өмір сыйлағандары үшін үлкен рақмет», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар