Алматылық дәрігерлер мұрыннан қан кетумен ауыратын пациентке операция жасады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- №7 қалалық клиникалық аурухананың интервенциялық хирургтары мұрыннан үздіксіз қан кетумен ауыратын пациентке операция жасады. Дәрігерлер хирургияның аз инвазивті әдісін - мұрыннан қан кету кезінде сыртқы ұйқы күретамырының тармақтарына эмболия енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медицина мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, пациенттің жасы 50 –де. Ауруханаға түскен кездегі жағдайы- мұрыннан жиі қан кету, әлсіздік, бас және жүрек айнуы болды. Гемоглобиннің көрсеткіші-45 г/л, еркектерде болуы тиісті мөлшер 130-140 г / л.

Бұған дейін амбулаториялық жағдайда және аудандық ауруханада қысқа мерзімді әсер беретін тиісті емдік манипуляциялар жүргізілді. Пациенттің мұрынынан қан кетуін тоқтату мақсатында алдыңғы және артқы дәке тампонадасы орнатылды. Бірақ тампонды алып тастағаннан кейін, қанның ағуы қайта пайда болатын.

«Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына келгеннен кейін пациент с шұғыл түрде операция алдындағы дайындықтан өткеннен кейін бірден интервенциялық араласуға алынды,-деп хабарлады №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл операцияның ерекшелігі-ол пункция арқылы жасалады, яғни тамыр арқылы эндоваскулярлық қол жетімділік мүмкіндігі бар. Бұл өте сирек жасалатын операция түрі. Аталған ота хирургтан зергерлік ұқыптылықты, математикалық дәлдік пен мұқият есептеуді талап етеді. Қабаттасқан сыртқы ұйқы күретамыры ішкі ұйқы күретамырының жанында орналасқан, бұл ми күретамырының жабылуына әкелуі мүмкін. Бұл қажетті күретамырға іріктеп өтуді қажет етеді. Операцияның бірегейлігі мен күрделілігі осында.

«Жамбас артериясы арқылы біз мұрын қуысының артқы қабырғасын қанмен қамтамасыз ететін сыртқы ұйқы күретамырына іріктеп кірдік. Тура сол аумақтан, арнайы эмболалармен қан ағынын эмболия енгіздік, нақтырақ айтқанда жауып тастадық. Ангиография кезінде осы аумақтың әсіресе сол жақ тамырлардың гипер-васкуляризациясын көрдік. Біз екі жағынан ендік, екі жақтан қан ағынын тоқтаттық, үнемі қан кетуі тоқтады. Бұдан кейін мұрын қуысындағы тампон дереу алып тастадық. Операциядан кейін, әрине, ұйынды қан 2 күн бойы шықты, бірақ бұрынғыдай созылмалы қан кетуі болған жоқ. Пациентке қан тамызылды, гемоглобин 90 г/л дейін көтерілді. Операциядан кейін 5-ші күні үйіне шықты. Бүгін пациенттің жағдайын білу үшін қоңырау шалдым. Ол бала секілді қуанышын жасырмады. Әрине, бұл өте жақсы. Пациент өзін жақсы сезінеді, құрамында темір бар препараттарды қабылдауды жалғастыруда»,- деді №7 ҚКА-ның интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Анартаев.

Мұрыннан қан кетудің негізгі себептері:

жақ-бет аумағының жарақаттары мен ісіктері;

мұрын қуысының шырышты қабатының атрофиясы, соның ішінде мұрынға тамыр тарылтқыш дәрілерді бақылаусыз қолдану салдарынан;

мұрынның құрылымдарына хирургиялық араласу;

қан аурулары;

артериялық гипертензия

есірткіні мұрын арқылы иіскеу

құрғақ үй ауасы

оттегі ыдысын үздіксіз пайдалану және т.б.


Соңғы жаңалықтар