Алматылық дәрігерлер коронавирусқа қатысты жаңа челлендж бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер «Сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз» флешмобын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай флешмобтың ұйымдастырылғаны туралы блогер Полина Шиманская

Instagram парақшасына жазды.

«Нұр-Сұлтанда қалай екенін білмеймін, Алматыда медициналық қызметшілердің 80%-ы қала сыртында тұрады және жұмыс маңынан пәтер жалдауға жалақылары жетпейді. Оларға шынымен жұмыс орнында өмір сүрулеріне тура келетін сияқты. Түсіністікпен қарайық», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының жастары коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Менің подъезім - менің денсаулығым» челленджін бастағаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар