Алматылық дәрігерлер инсульттың алдын алу тәсілдерін үйренді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер инсульт диагностикасының жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Неврология мен жүрек-қан тамыр ауруларына арналған ғылыми конференция аясында танымал ресейлік невролог, профессор Александр Скоромец өз тәжірибесімен бөлісті.

"Инсульт - бұл ауыр дерттердің бірі. Инсультқа тап болған адамдарың 35 проценті екі тәуліктен кейін қайтыс болып жатады. Ал аман қалғандардың дене мүшелері сал болып, есте сақтау мен сөйлеу қабілеттері бұзылады. Сол себепті инсульт болған жағдайда медициналық көмекті дұрыс көрсету керек", - деп атап көрсетті А.Скоромец.

Ресейлік дәрігер Қазақстандағы неврологиялық қызметке жоғары баға берді.

Алматы қалалық №7 ауруxанасының бас дәрігері Марат Абдуллаевтың айтуынша, бүгінде инсультпен ауыратын адамдардың саны көбейіп келеді. Оған бірнеше себеп бар.

"Біріншіден, xалықтың өмір сүру ұзақтығы артып отыр. Екіншіден, қант диабеті, артериалды гипертония сияқты созылмалы ауруы бар адамдар аз емес. Ал ондай аурулардың арты инсультқа әкеліп соқтырады. Негізі, Александр Скоромецтің оқулықтары бойынша көптеген дәрігерлер білім алып, кәсіби шеберліктерін шыңдап отырады. Сондықтан оның дәрістері арқылы біз өз дайындығымызды күшейте аламыз", - деді М.Абдуллаев.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын мың адамға шыққанда 2,5-3,5 инсульт оқиғасы болып жатады. Мың адамның ішінде 1,8 оқиға адам өлімімен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар