Алматылық дәрігерлер денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адамды аман алып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық дәрігерлер денесін40 пайызын күйік шалған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға биылғы жылдың қыркүйек айында болды. Көлігінің жанармай сүзгісін өз бетінше ауыстырып жатқан ер адамның үстіне бензин төгіліп, өрт шығып, оны күйік шалды.

«Бұл 26 қыркүйекте болды. Мен көлікті жөндеп жатқанда, аяғым жанып кетті. Мен аласұрып аулада жүгірдім, жерде домалауға тырыстым, бірақ бензин үстімде жалындап жатты. Мен жалынды сөндіре алмадым», - дейді Ринат Ильмиев.

Елдегі ең ірі күйік орталығы № 4 қалалық клиникалық ауруханада орналасқан.

Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам клиниканың қабылдау бөліміне жеткізіліп, бірден анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі (АРҚТБ) жатқызылды.

Әдетте, ең ауыр зардап шеккендер – қатты күйікпен, күйіктік шокпен, тыныс жолдарының зақымдалуымен, қан кетумен, дененің өмірлік маңызды функцияларының бұзылуымен – реанимация бөліміне жатқызылады. АРҚТБ реанимациялық іс-шараларды, қарқынды терапияны және бақылауды жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

«Науқас ауыр халде түсті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, клиникалық-зертханалық және аспаптық тексерулер, мультидисциплинарлық тексерулер жүргізілгеннен кейін оң білектің, алдыңғы іш қабырғасының, аяқ-қолының, бөксенің термиялық күйігі s=40%/I-II-IIIa-ІІІб дәрежесі диагнозы қойылды. Септикотоксемия сатысындағы күйік ауруы. Дене бетінің 40% термиялық күйігі. Қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деді емдеуші дәрігер Диас Дәулетбаев.

Аурухана қызметкерлері науқастың өмірі үшін 2,5 ай күресті. Құрамында комбустиологтар мен реаниматологтар бар жоғары білікті дәрігерлер тобы бес хирургиялық операция жасады, олардың үшеуі тері трансплантациясы бойынша. Бүгін таңда ер адам жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

«70 күн бойы біздің жетекші комбустиологтар мен реаниматологтар осы пациентті емдеумен айналысты. Жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықтар терең күйіктерді ерте хирургиялық емдеу технологиясын белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Ауқымды күйік жаралары бар пациенттерге арналған «Redactron» аэротерапиялық флюидизациялайтын, күйікке қарсы кереуеттер деп аталатын қондырғылары іске қосылды. Бұл орташа көрсеткіштермен салыстырғанда емдеу мерзімін 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді», - деп нақтылады №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

«Мені 2,5 ай емдеді, Аурухана қызметкерлеріне өмірімді сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Үйде мені жұбайым мен үш ұлым күтіп отыр, бүгін отбасыма ораламын», - деп бөлісті Ринат Ильмиев.

Соңғы жаңалықтар