Алматылық дәрігерлер 43 жастағы әйелдің екі аяғын теңестірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық дәрігерлер 43 жастағы әйелдің қос аяғын бір-бірімен теңестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жадыра Исаеваға №4 қалалық клиникалық аурухананың хирургтары жамбас буынын эндопротездеу бойынша операция жасады.

Оң жақ жамбас буынын эндопротездеу сәтті өткендіктен, қыркүйек айында дәрігерлер сол жағына тексеру жүргізді. Осы сәтті 30 жыл күткен әйел арманына жеткенін, ақыры әдемі аяқ киім кие алатынын айтты.

«Мен ортопедтерге тексеріп-қаралуды ұзақ уақыт ойландым. Менде ауыр диагноз болды. Жамбас буынының туа біткен дислокациясы, екіжақты коксартроз. 1991 жылы операциядан кейін сол аяғым 4,5 см-ға қысқа болды, содан кейін мен ортопедиялық аяқ киім киюге мәжбүр болдым. Мүмкіндік болған кезде сатып алатынмын, болмаған кезде осылай жүре бердім. Бұлай жүру қиын және ыңғайсыз болды, сізде 4,5 см-ға қысқа ақау болғанын өзіңіз елестетіп көріңізші. Бір күні отбасылық мерекеде мен биік өкшемен және әдемі аяқ киіммен би билеген бір танысымды кездестірдім, бұрын оның аяқ ауруы проблемасы бар еді, әрең жүретін. Бір танысым оған «№4 аурухананың» дәрігерлері көмектескенін айтып, сол кезде мен консультация аламын деп шештім. Наурызда алғашқы операциядан кейін өмірімде алғаш рет аяғымның ауырсынуы қойып, қалыпты жағдайда иіліп, отыра бастадым. Мен үшін бұл - өмір бойы күткен ғажайып жағдай болды. Екінші операциядан кейін мен өзім жүре бастаймын. 29 жылдан кейін менің барлық ақауларым түзелді. Енді екі аяғым да бірдей болып көрінеді, шамамен жарты жылдан кейін мен биік өкшелі аяқ киіммен жүре аламын»,– дейді Жадыра Исаева.


Мамандардың айтуынша, Жадыраның туа біткен ақауынан коксартроз асқынған. Бұл - еңбекке жарамсыздыққа және мүгедектікке әкелетін ауыр түрде асқынатын дегенеративті-дистрофиялық буын ауруы.

«Біз 4 см резекция жасадық, яғни аяқтың ұзындығын, сонымен қатар жамбас буынының ревизиялық эндопротезін орнын толтырдық. Уақыт өте келе жамбас анатомиялық жағдайға келеді, толығымен емес, бірақ шамамен 70%. Бұндай ауыр, туа біткен патология өте сирек кездеседі. Іс жүзінде бастапқы коксартроз, артроз, жамбас мойнының сынуы, вальгус деформациясы жиі кездеседі. Бұл жағдайда аналық проксимальды бөліктің вальгус деформациясы болды – сүйек сыртқа қарай иілген. Ұзақ уақыт бойы пациент осылай жүрген. Біз оң жақ жамбас буынының алғашқы эндопротезін жүргіздік. Пациенттің жай-күйі жақсы, алдағы уақытта науқас ақсаңдамай, бірқалыпты жүретін болады», – деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі Манарбек Әубәкіров.


Дәрігерлердің жоспары бойынша Жадыра Исаева 1,5 айдан кейін №4 ауруханада оңалту курсынан өтуі тиіс, содан кейін ол балдақтар туралы мәңгі ұмыта алады.

«Консультация алуға барған кезде дәрігерлер маған Манарбек Ғазизұлына қаралуды ұсынды. Үшінші күні алғашқы операциядан кейін мен аяғыма тұрып, ауырсынусыз жүрдім. Мұнда медицина қызметкерлері жақсы, барлық жағдайыңды жасайды, біз өзімізді жайлы сезіндік, анестезиолог дәрігерлерге жеке алғысымызды білдіремін, өйткені бір сәтте біздің өміріміз солардың қолында, отадан кейін бір апта өткенде анестезиолог дәрігер палатаға келіп, менің хал-жағдайымды сұрады. Негізгі жұмысты мейірбикелер мен санитарлар атқарды. Олардың еңбекқорлығы мен мейірімділігіне таң қаламын. Операциядан кейін адамның жағдайын түсініп, барынша жағдайымды жасауға тырысты. Екі айдан кейін мен оңалтуға келемін», - дейді науқас.

Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының эндопротездеу бөлімшесі 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, мұнда тірек-қимыл жүйесінің патологиясы бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі.

Тек 2019 жылдың өзінде бөлімше хирургтары жамбас, тізе, иық және шынтақ буындарын эндопротездеу бойынша 1637 операция және 109 жедел ревизия жүргізді.


Соңғы жаңалықтар