USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматылық дәрігер жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакциналау қажеттігін түсіндірді

2021 жылғы 26 қараша 19:58
Бөлісіңіз:
Алматылық дәрігер жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакциналау қажеттігін түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге «дельта» штаммы аса қауіпті. Бұл туралы Алматыдағы №22 емхана бас дәрігерінің орынбасары Ақерке Жомарт Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеге 5 мың доза Спутник лайт вакцинасы жеткізілді Жаңа жылдың басынан бері Алматыда қанша жүкті әйел коронавируспен ауырды Қызылорда облысына 8 мың доза Спутник-Лайт» вакцинасы жеткізілді

Алматыда Pfizer (Comirnaty) вакцинасымен егу науқаны жалғасуда. Бүгінде 7300 жасөспірім, 700-ге жуық жүкті әйел және 2 400 бала емізетін ана коронавирусқа қарсы егілді.

«Вакцинациядан болатын асқыну қаупі олар қорғайтын аурулардан кейінгі асқыну қаупінен әлдеқайда аз. Сондықтан балаларын вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналар оларды қорғай алмайды, басқа білім алушыларға қауіп төндіреді, бұл инфекцияның одан әрі таралуына ықпал етеді», - дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, бүгінгі күні балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакциналардың нашар төзімділігі туралы ешқандай пікір жоқ.

Спикер бала емізетін ананы вакциналау бала үшін қауіпті емес деп сендірді.

COVID-19-ға қарсы вакциналанған аналарда баланы инфекциядан қорғауға көмектесетін антиденелер қалыптасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT