Алматылық дәрігер күйзелісте жүрген азаматтарға кеңес берді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Психолог пен психиатрдың жұмысында айқын айырмашылықтар бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында психотерапевт Анастасия Садовская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, алдымен, маманға не себепті жүгінуді қалайтыныңызды анықтап алу қажет. Содан кейін таңдау жасау керек. Ең қарапайым шешім – емханадағы учаскелік терапевтке бару. Ол өз кезегінде психологқа немесе психотерапевтке жолдайды.

«Біздің елдегі психологтардың клиникалық білімі жоқ. Бұл педагогика мамандығы. Ол психикалық сау адамдармен айналысады, отбасындағы мәселелерді, жанжалдарды түзетеді. Психотерапевт – клиникалық білімі бар маман. Ол депрессиямен, мазасыздықпен, психосоматика шағымдарымен, созылмалы сырқаттармен, тәуелділікпен жұмыс істей алады. Психиатрға медикаментозды коррекцияны тағайындау қажет болған кезде жүгінеді», - дейді психотерапевт.

Сонымен қатар дәрігер күйзелісті қалай анықтауға болатынын айтты.

«Күйзелісті ойлау және физикалық белсенділіктің төмендеуі арқылы анықтауға болады. Адам өзінің тәбетінің өзгергенін, ұйқы қашқанын немесе алаңдаушылықты сезінеді. Яғни, күш- жігері төмендейді. Күйзелістің клиникалық көрінісі әртүрлі. Бұл ретте, қазіргі әлемде классикалық депрессиялар кемде-кем, мамандар созылмалы сырқаттар асқынатын соматизацияланған күйзелістермен жиі кездесе бастады»,- деді Анастасия Садовская.


Соңғы жаңалықтар