Алматылық дәрігер коронавирусты емдеуге қанша уақыт кететінін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова коронавирус жұқтырған науқасты емдеуге қанша уақыт кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бәрі аурудың ауырлығына байланысты, егер науқаста ауыр түрі болса, онда ем шара 10 күнен бір айға дейін жалғасады.

«Әдетте, науқастар 10-14 күн емделеді, бірақ жағдайы ауыр болса бір айға дейін созылуы мүмкін. Шілде айында бізде короновирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді. «Дельта» штамының клиникалық көрсеткіші мүлдем басқа. Егер біз наурыз айында ауырған науқастар мен қазіргі науқастарды салыстыратын болсақ, онда «дельтаның» ауыр және ұзаққа созылатынын көреміз. Орташа ауырлықтағы науқастар шамамен 14 күн емделеді, бірақ ұзақ емделетін пациенттер де бар», - деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, ол ауруханадан шыққан пациент 14 күн каранитин режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып және үнемі дәрігермен байланыста болуы керектігін айтты.


Соңғы жаңалықтар