+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Алматылық дәрігер COVID-19-дың балаларға әсерін айтты

2021 жылғы 4 наурыз 18:03
Бөлісіңіз:
Алматылық дәрігер COVID-19-дың балаларға әсерін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Короновирус ересектерге қарағанда балаларда жеңіл өтеді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Майя Шегебаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
300 мың адам вакцина қабылдаса, елордада індеттің өсуі тоқтайды –денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алматы әкімдігінде әлеуметтік әріптестікті реттеу мәселесі қаралды Қызылорда облысында білім бөлімінің басшылары вакцина салдырды

«Сырқаттанғанда балаларда шаршау, әлсіздік, бас ауруы, тұмау іспеттес, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеті болмауы, дененің іш бөлігінің ауруы байқалады. Сонда да, балалар ересектерге қарағанда жұқпалы вирустан жеңіл өтеді»,-деді маман.

Майя Шегебаеваның айтуынша, балалардың өкпесі короновирустан зақымданған фактілер болған емес. « COVID-19 балалардың жоғары тыныс алу жолдарын (мұрын, ауыз қуысы, тамақ) зақымдайды. Сол себепті суық тиген тәрізді ауырады (дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелуі, тамақтың ауруы немесе ашуы). Пневмониямен ауырған балалар болған жоқ. Яғни, үлкендерге төнген қауіп балаларға төнбейді», - деді Майя Шегебаева.

Алайда, сырқаттан кейінгі синдром балаларда да болады. Сол себепті учаскелік дәрігерге қаралған жөн. Өйткені, кейде коронавирустан кейінгі синдром балаларды ұйқысыздыққа, буындардың ауыруына, асқазан дертіне әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, жүрек тұсы ауырады. Дәрігер- терапевтің айтуынша, егер бала денсаулығында короновирустан кейін осындай әсерлер пайда болған жағдайда ауруханаға жіберіледі. Сонымен қатар, қалалық және республикалық балалар шипажайы бар. Балалар сол жерде бейімдеуден өтеді.

«Бейімделу үшін қимыл- қозғалыс тәртібін сақтау керек, дұрыс тамақтанып, массаж алу қажет. Бала тыныс алу жаттығуларын жасауы, емдік дене шынықтыру, жеке психотерапия, физиотерапия, медиксиентозалық терапия, фитотеоапия алуы тиіс. Бейімдеу курсы 14 күнге созылады. Сондай-ақ, ЖРЖВ-дан кейін де балаларды осындай бейімдеу орталығына жібереміз. Бронхиалды астма, неврологиялық, гастроэнторологиялық және кардиологиялық патологиясы бар балалар да бейімдеу орталығында ем алады»,-деді Майя Шегебаева.

Терапевтің айтуынша, ең бастысы балаларды аурудың алдын алуға тәрбиелеу керек.

«Балабақша, мектепке барғанда, үйге келгенде үнемі қолды жууға үйрету, дезинфекциялық сұйықтық пен сулы майлықтарды қолдануға дағдыландыру. Қандай ортада болсын тазалық сақтауға үйретуіміз қажет»,-деді маман. Қазіргі уақытта балаларға құрамы бай дәрумендер беру керек. Әсіресе, А, В дәрумендері пайдалы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT