Алматылық бойжеткен ерекше видеоларымен жұртты таңқалдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жұбымен бірге биік ғимараттың үстінде түскен алматылық бойжеткеннің видеосы желіде кең таралып, әп-сәтте әйгілі бола бастады. Ол ҚазАқпарат тілшісіне өзінің осы хоббиі туралы айтып берді.

«Мен Алматы қаласында тұрамын. Суретші әрі тревел-блогермін. Жасым құпия болып қалсын. Бұл видеоға жігітіммен бірге түстім», - деді Ангела Николау.

Ол Esentai Tower бизнес-орталығының төбесінде түсірілген видеоны айтып отыр. Бейнежазбаның сәтті түсірілгенін де атап өтті.

«Жігітім екеуміз таңертең ерте күннің шыққанын түсіру үшін Esentai Tower-дың төбесіне көтерілдік. Видеомыз сәтті түсірілді және бұл видео желіде әлі де танымал. Жалпы, бұған дейін «Нұрлы тау» орталығының төбесінде түсірілген видеомыз да көп пабликтерге шыққан еді», - деді тревел-блогер.

Айтуынша, биік ғимараттардың төбесіне шығып, видео түсіру - оның хоббиі. Сүйікті ісімен көп жылдан бері айналысады және биіктіктен мүлдем қорықпайды.

«Мен әлемді аралап, саяхаттап жүремін. Сол кезде жер бетіндегі ең биік әрі әйгілі ғимараттардың төбесіне шығып, видео түсірем. Бұл - менің хоббиім. Онымен айналысып жүргеніме 7 жылдан асты. Мен одан қорықпаймын. Айта кетейін, биікке шыққанымда ешқандай қосалқы сақтандырғыш құрал-саймандарды қолданбаймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар