Алматылық бизнесмен музыка мектебіне жаңа спорт алаңын салып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда бизнесмен «Туған жер» бағдарламасы аясында К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатына жаңа спорт алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Тәуелсіздік жылдары қазақстандық бизнес айтарлықтай нығайды, соның арқасында бүгінгі күні нақтылы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыра алады. Президенттің «Туған жер» бағдарламасына қолдау білдіре отырып, біз мектепке жаңа спорт алаңын сыйлауды ұйғардық. Оқушылар бұдан былай тек шығармашылық байқауларда ғана емес, спорттық додаларда да жеңіске жетсін», -  деді кәсіпкер Ерболат Қасымов.

Оқу орнының директоры Оңдасын Абдуллаев шығармашылық пәндер бойынша күніне 5 сағат дайындалатын балаларға дене шынықтырумен айналысудың маңызды зор екенін айтты.

Жаңа спорт кешені жобасының құны 29 млн. теңге.  

Айта кетейік, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебі 1948 жылы ашылған. Мектептің оқу корпусы 480 оқушыға арналған, мектеп жанындағы  интернатта 110 оқушы тұрады, балаларға 187 педагог дәріс береді. 

Соңғы жаңалықтар