Алматылық байқаушылар: Әлеуметтік ара қашықтық сақтамай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құрылған баспасөз алаңында байқаушылар дауыс беру процесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаушылар дауыс беру кезінде кейбір учаскелерде ара қашықтық талаптары сақталмайтынын жеткізді.

«Әзірге дауыс беру процесі тұрақты өтіп жатыр. Кейбір учаскелерге тікелей қосылып жатырмыз. Бұл заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтау үшін керек. Процедуралық заңбұзушылықтар әлі

«Жастарға жол» қоғамдық қорының тәуелсіз бақылаушылар штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов көзге түсерліктей заңбұзушылықтар тіркелмесе де сайлаушылар арасында әлеуметтік қашықтық сақталмай жатқанын айтты.

«Мобильді топ барлық қаланы аралап келді. Карантин талаптарын орындауды сұраймыз. Атап айтқанда, ара қашықтық пен маска кию талаптары сақталмай жатыр. Сонымен қатар, дауыс берушілерді рұқсатсыз видеотүсірілім жүргізіп, әлеуметтік желіге жариялауға тыйым саламыз», - деді Рафаэль Гасанов.

Айта кету керек, бүгін яғни, 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Алматыда 507 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.

507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейтін болады. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында Жедел жәрдем кезекшілік ететін болады.

Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі. Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады.



Соңғы жаңалықтар