+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматылық балалар Жаңа жылды Африкада «қарсы алуда»

2014 жылғы 22 желтоқсан 17:06
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қуыршақ театры балаларға жаңа жылдық базарлық әзірлеп қойды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры балаларға арнап «Африкаға саяхат» бағдарламасын әзірлеуде.

«Балалар африкалық тайпаға кіріп, экзотикалық би билеп үйренеді. Африкалықтарға Аяз ата мен Ақшақарды таныстырады. Сондай- ақ, оларға арнап үлкен театрландырылған қойылым әзірленуде», - деді ұйымдастырушылар.

Балалар тек керемет шыршаға қатысып қана қоймай, сыйлық алып кететін болады. Жаңа жылдық бағдарлама 10 қаңтарға дейін жалғаспақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT