Алматылық азамат жалған купон арқылы 5 планшетті иемденбек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Chocolife.me жалған жеңілдік купоны арқылы 5 планшетті иемденгісі келген Алматы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтты.

Оқиға Алмалы ауданында орналасқан тұрмыстық техника сататын дүкендердің бірінде болған.

«Сатушыға ер адам келіп Chocolife.me жеңілдік купонын көрсетіп 5 планшет алып, кейін үшеуін алып кететінін айтқан. Алаяқтық әрекеттен сезіктенген Chocolife.me компаниясы бірден дүкенге хабарласқан. Алмалы ауданының ІІБ мен «Боран-16» экипажының қызметкерлері күдіктіні бірден ұстады», - деді С.Әзірбек.

1984 жылы туылған Алматы тұрғыны қолындағы купонның жалған екенін білмегендігін айтып ақталды.

«Ол купонды өзінің Роман деген танысынан алғандығын айтып жатыр. Қазір оның танысының кім екендігі әрі өзінің қандай оймен алаяқтық әрекетке барғандығын анықтау үшін тергеуалды тексеру жүргізілуде», - деді С.Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар