Алматылық әйел пластикалық отадан соң көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел пластикалық ота жасатқан соң көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір полиция аталған іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан.

«Полиция ҚР ҚК 317-бабы (медицина маманының фармацевтика қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы кесірінен абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған іс бойынша адам өлімін неден болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аталған істі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті де назарына алды.

«Қалалық полициядан бізге арыз түсті. Қазір сол арыз негізінде тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Айта кету керек, осындай қайғылы жағдай Алматыда екі жыл бұрын болған еді. Украина азаматшасы Дана Агамұрадова липосакция (іш майын алғызу) отасын жасатпақ болып жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан.

Алайда әйел ота үстелінде есін жимаған күйі дүниеден өтті.  Қазір ота жасаған хирург Дмитрий Писарев сот алдында жауап беруде.

Соңғы жаңалықтар