+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Алматылық әйел 7 млн теңгеге жалған туристік жолдама сатқан

2020 жылғы 21 қазан 10:32
Бөлісіңіз:
Алматылық әйел 7 млн теңгеге жалған туристік жолдама сатқан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 7 млн теңгеге жалған туристік жолдамалар сатқан әйел 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, №2 Медеу аудандық соты «WhatsApp» және «ZOOM» қосымшалары арқылы алаяқтық туралы істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылы қазанда жәбірленуші туристік компанияның директорына жолдама сұрап жүгінген.

Туристік компанияның директоры бұған дейін дайындалған жалған электронды билеттердің маршруттық квитанцияларын ұсынған.

«Осылайша, сотталушы жәбірленушіні алдап жалпы сомасы 7 194 095 теңгеге материалдық шығын келтірген. Сотталушы өз айыбын толын мойындады», - деді баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен әйел ҚР ҚК 190- бабының, 3-бөлімімен айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT