Алматылық атқыштың күзетшіні неліктен атқаны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық атқыштың «Бұқар жырау Тауэрс» ТК күзетшісін бұзақылық пиғылмен атқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін күндіз «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісін бұзақылық ниетпен атқан және үйдегі пәтерлердің біріне жасырынған күдіктіні ұстауға бағытталған арнаулы операция аяқталды. Күдіктінің кім екені анықталды. Ұзақ уақыт бойы онымен келіссөз жүргізілді. Ол өзінің пәтеріне жасырынған. Келіссөз процесіне қаланың полиция, прокуратура органдарының қызметкерлері және оның таныстары қатысты», - деді оқиға орнында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Оның атап өтуінше, келіссөз барысында күдікті баспалдақ алаңына қарата шамамен 30 мәрте оқ атқан. Абырой болғанда полиция қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған.

Күзетші ауруханада жатыр.

Полиция тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүргізген болатын.

Қарулы адам келіссөзден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Кейіннен күдікті терезеден секіріп кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар