Алматылық әскерилер соғыс ардагері Анатолий Поповты 97 жасымен құттықтады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық әскерилер соғыс ардагері Анатолий Поповты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Анатолий Назарович 1926 жылы 13 қаңтарда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінде әскер қатарына шақырылады. Балтық майданында соғысып, бөлімшенің байланысын қамтамасыз ете білді.

Соғыстан кейін Қарулы Күштер қатарында қызметін жалғастырып, Саратовтағы әскери медицина факультетін бітірді. 30 жылдан астам Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында жұмыс істеді. 1986 жылы құрметті демалысқа шыққаннан кейін қоғамдық қызмет атқарды.


Фото: t.me/modgovkz

Соңғы жаңалықтар