Алматылық ана 7 жыл бұрын із-түзсіз кеткен ұлының қабірін тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7 жыл бұрын із-түзсіз кеткен баласына іздеу салған ана қайғылы хабарға тап болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оны адамдар ауруханаға жеткізгенде бауыр циррозының ұстамасы жанын қинаған. Кейін ауруханада жан тапсырған. Олар (дәрігерлер) бірнеше күн күткен, бірақ оның жанында ешқандай құжаттары болмаған. Кейін оны жерлеген», - дейді 7 жыл бұрын хабар-ошарсыз кеткен Айдар Кішібаевтың анасы Алима Скагиева ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, ұлы хабар-ошарсыз кетіп, біраз уақыттан кейін қайтыс болған. Кейуананың айтуынша, оған полиция қызметкерлері келіп, неліктен осыншама жылдар бойы хабарласпағанын сұраған.

«Мен кеше ғана полицияға бардым. Маған жарты сағатта бәрін тауып берді. Полиция, медицина қызметкерлеріне оны табуға көмектескені үшін алғыс айтамын. Ең болмағанда ұлымның басына барып, Құран оқи алдық», - дейді кейуана.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны 7 жыл бұрын із-түзсіз кеткен ұлына іздеу салғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Әйелдің айтуынша, ол «Жди меня», «Бармысың, бауырым?» бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Алайда құқық қорғау органдарына өтініш жазбаған.

Соңғы жаңалықтар