Алматылық альпинистердің спутниктік телефондары өшіп тұр - Алматы ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тауда жоғалған альпинистердің спутниктік телефоны өшіп тұр, байланыс операторлары қоңырау шалынған жерді анықтай алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәлімдеді.

«Біздің төтенше жағдайлар бөлімі жоғалған альпинистерді құтқару жұмыстарына тікелей қатыспайды, бірақ жоғалғандар Алматы тұрғындары болғандықтан, сұрақтарыңыз бізге келеді. БАҚ-та бұл оқиғаға қатысты барлық жаңалықтар айтылып жатыр. Біз еш жерде айтылмаған ақпаратпен бөлісейік. Альпинистерде «Турая» спутниктік телефоны бар, ол соңғы рет 15 тамызда байланысқа шыққан. Байланыс операторлары қоңырау түскен жерді әлі анықтай алмады. Құрылғының өшіп тұрғаны белгілі болды, мүмкін қуатты таусылған болар. Мұндай құрылғылар -40-тан +40 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейді», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

«Бұдан басқа, кез-келген дайындалған альпинист - еріктілер құтқару жұмыстарына қатыса алмайды, жақында ғана төменгі биіктікте бейімделуден өткен адамдар қажет. Бұл талаптарды жақында жарыстан оралған ҚР ҚМ-нің альпинистер командасы орындайды. Біз олардың кәсіби шеберлігіне және авиация жұмыстары үшін ауа-райы қолайлы болады деген үміттеміз. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару тобы оқиға орнына ұшып кетті», деп атап өтті төтенше жағдайлар саласының өкілдері.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді.

Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады.

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Сондай-ақ бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов құтқарушылардың Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге ұшып кеткендігін хабарлады.

Ал Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев альпинистерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын, алайдыолардың нақты қай жерде екенін біле алмай отырғанын мәлімдеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар