Алматылық альпинистерді құтқару жұмыстары жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қырғызстан тауларында альпинистерді құтқару операциясы жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Сағынтаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғызстан тауларында құтқару операциясы жалғасуда. ҚР Қорғаныс министрлігінің үш әскери альпинисі Хан Тәңірі шыңынан төмен орналасқан «Қарқара» базалық лагеріне жеткізіледі. Осы жерден олар «Қазавиақұтқарудың» МИ-703 (171) тікұшағымен шекарадан өтетін «Кеген» пункті арқылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл қаласына жіберіледі. Құтқару отряды жоғалған альпинистер тіркелген «AK-SAI TRAVEL» туркомпаниясының лагеріне барады. Олар қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Құтқарушылардың шыңға шығуда тәжірибе жинақтаған нағыз мамандар екенін атап өткім келеді. Топты Мақсұт Жұмаев басқаруда»,- деп жазды Алматы әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін алматылық альпинистер тобының жоғалып кетіп, біреуінің қайтыс болғанын жазғанбыз.

Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады.



Соңғы жаңалықтар