+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алматылық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды

2019 жылғы 23 тамыз 15:15
Бөлісіңіз:
Алматылық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен альпинистерді іздеу тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің басшысы Данияр Айжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жоғалған альпинистерді қалай іздеп жатқаны туралы видео жарияланды Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер табылмай жатыр – ҚР ІІМ Альпинистерді құтқару: Құтқарушылар тікұшағы Қарқараға қонды

«Жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге шыққан әскери альпинистер қайтып келді. Бұған дейін Ақ-Сай Тревел компаниясы болған апаттың хроникасын айтып, альпинистерді тірі табуға мүмкіндік жоқ екенін айтқан еді», - деді Данияр Айжанов аталған мәселеге қатысты өткен баспасөз мәслихатында .

Еске салсақ, алматылық Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және көз жұмған Александр Чечулин Қырғызстандағы «Жеңіс» шыңында қарлы бораның астында қалған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді.

Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады .

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады .

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, капитан Мақсұт Жұмаев Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстары туралы айтқан болатын.

Ауа райының қоласыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT