Алматылық 80 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдіктерін пайдаланды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 80 мыңнан астам алматылық кәсіпкер салықтық жеңілдіктердің арқасында 85 млрд. теңге үнемдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызға белгілі, биыл жеке кәсіпкерлер үшін салықтық «демалыстың» үшінші жылы жүріп жатыр (2020 жылдан 2022 жылға дейін шағын бизнес субъектілері салық төлеуден босатылған). Осы жылдар ішінде оларды 80 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланып, төленбеген салықтардан шамамен 85 млрд. теңге үнемдеді. Қаражатты өз бизнесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттап, жалдамалы қызметкерлердің жалақысын көтерді», - дейді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов.

Қазір қалада жұмыс істейтін заңды және жеке кәсіпкерлердің саны 306 мыңнан асады. Салық түсімінің негізгі үлесі немесе 47%-ы - сауда, 13%-ы - қаржы секторына және 8%-ы - көлік пен қойма саласында. Республикалық бюджетке түсетін барлық түсімдердің 74%-ы - корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығына тиесілі.

Бұған дейін биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Алматыдан мемлекеттік бюджетке 929 млрд. теңге салық түскені айтылған болатын.



Соңғы жаңалықтар