Алматылық 75 жастағы спортшы 7 рекорд орнатпақшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық 75 жастағы Жан Ата қала тұрғындарын тағы бір таңғалдырды. Ол бес келілік металл сүйменімен жатып сығымдап көтеру жаттығуын 11 111 рет орындады. Спортшы бұған бес сағат уақытын жұмсады. Қазіргі кезде ақсақал Гиннестің рекордтар кітабына өтінім беруге дайындалуда, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Жан Ата «шынықсаң-шымыр боларсың» қағидатымен өмір сүріп, күніне екі-үш рет жаттығады. Ақсақал адамның жасы ұлғайса да, спорттық ерліктерге қабілеті бар екенін көрсетті. Бірінші рекордын сонау 1992 жылы 4 444 рет отырып-тұру жаттығуын жасап орнатқан. Өткен жылы спортшы алты келілік ағаш кесегін 9 000 рет басынан жоғары көтерді. Бұған спортшы 4 сағат 22 минут уақытын жұмсады. Келесі рекорды шамамен жарты жылдан кейін тіркелген. Жан Ата 3 сағат 3 минуттың ішінде 5 105 рет отырып-тұру жаттығуын орындаған.

Жан Ата барлығы жеті рекорд орнатпақшы. Атап айтқанда, ол «Медеуге» көтерілетін атақты баспалдақпен қолымен «жүріп» бармақшы. Бұдан басқа, рекорд орнатушы адам бойында соққыдан ауыру сезімін үш-бес метр қашықтықта тудырта алатынын көрсетпек. Супермен бұл әдісін ерік білдірген үш тілші арқылы көрсетпекші.

Соңғы жаңалықтар