Алматылық 56 жасында алғаш рет Қазақстанның төлқұжатын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарт – Алматы тұрғыны 56 жасында алғаш рет жеке куәлігін рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көші-қон полициясы қызметкерлері ешбір құжатсыз және әлі күнге дейін Кеңес одағының ескі үлгідегі паспортымен жүрген азаматтарды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Азаматтар қолдарында ешқандай құжат болмағандықтан біраз мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік көмек, зейнетақы сияқты қызмет түрлерін мүлдем ала алмайды.

«Мұндай тұлғаларды анықтау оңайға түспейді. Себебі ондай адамдардың азаматтығын анықтап, жеке төлқұжат рәсімдеу үшін біршама уақыт керек. Жыл басынан бері біздің аудан бойынша жеке куәлігі жоқ 14 азамат анықталды»,-дейді Алматы қаласы Түркісіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев

Құжатсыз жүрген азаматтардың бірі 1965 жылы туған Бейбіт Хасенов. Ол Қазақстан республикасының жеке куәлігін рәсімдеді.

« Осы орайда біз құжатсыз жүрген азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша көші-қон полициясына құжат рәсімдеу үшін өтініш берулерін сұраймыз»,-деп атап өтті полиция өкілі.


Соңғы жаңалықтар