Алматылық 200 бүлдіршін мерекеде тәтті сыйлық алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай көпбалалы отбасы балаларына тәттілер жиынтығын таратуға арналған «Мейірім» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық акциясын Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы ұйымдастырды.

«Мерекеге орай, демеушілердің қолдауымен біз ауданымызда тұратын көпбалалы отбасы балаларына сыйлық тараттық. Екі жүзден астам бала мерекелік тәтті сыйлық алды. Мұндай іс-шараларды біз үнемі өткізіп тұрамыз. Мәселен, жазда балаларды аптасына бір рет тауға апару жоспарда. Карантин шараларына байланысты кейбір шараларды кейінге қалдыруға тура келеді», - деді Түрксіб ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының үйлестірушісі Абзал Әуелбеков.

Айта кетейік, Түрксіб ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы өз жұмысын 2019 жылдың тамыз айында бастады.

«Біздің орталық тігін, шаштараз, макияж, ұялы телефондарды жөндеу, маникюр, балалар мен ересектерге арналған массаж, SMM маркетинг, компьютерлік сауаттылық сияқты көптеген курстар өткізеді. Біздің міндетіміз - көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсартуға көмектесу», - деп атап өтті Абзал Әуелбеков.


Соңғы жаңалықтар