Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

Алматылық 12 жасар жетім қыз джиу-джитсудан әлем чемпионы болды

2019 жылғы 30 сәуір 17:32 1366
Бөлісіңіз:
Алматылық 12 жасар жетім қыз джиу-джитсудан әлем чемпионы болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем біріншілігінен алтын медаль алып келді. Олардың жетістігіне бүкіл Қазақстан қуанып жатыр. Себебі, Анна Водолазова мен Любовь Темникова - тұл жетім балалар.

Мекеменің директоры Гүлмира Қондыбаеваның айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілері бос уақыттарында түрлі үйірмелерге қатысады.

Олардың бірі - 12 жастағы Анна Водолазова, балалар үйіне кішкентай кезінде бауырымен бірген орналастырылған. Ата-анасы ертеректе қайтыс болған.

«Аня 1 жылдан бері джиу-джитсумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында облыстық, қалалық жарыстарда көп жетістікке жеткен. Бұл қызымыз БАӘ-де өткен әлем чемпионатында екі қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктіріп, алтын медальге қол жеткізді. Екінші қызымыз Темникова Любовь 3-орынға табан тіреп, қол жүлдеге қол жеткізді. Бұл қызымыз да балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ағалары бізде тәрбиеленіп, өсіп, ер жетті. Ата-анасы Любовьтың сәби кезінде көз жұмған. Қапшағай қаласында тұрған. Любовь та футбол, баскетбол және тағы басқа спорт түрлерімен шұғылданады. Қазақ мектебіне барады. Бауырларының бәрінің тілі қазақша шыққан. Ал Аня Водолазова хореографиямен айналысады. Екі қызымыздың да болашағынан көп үміт күтеміз», - деді балалар үйінің директоры Гүлмира Қондыбаева.

null 

Анна Водолазова чемпионатқа барғандардың ішінде ақ белбеулі жалғыз спортшы болған. Оның қарсыластарының көпшілігі сұр белбеудің иегерлері екен (сұр белбеу ақ белбеуден жоғары тұратын дәреже).

Өзінен оқ бойы озық тұрған қарсыластарын Аня оп-оңай жеңген.

Қыздарды "SAMURAI" академиясында Альберт Алдияров баптап келеді.


null
null 
null 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT