Алматылық 100 мың бала спорт секцияларына тегін қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық 100 мың бала спорт секцияларына тегін қатысады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін әкімдікке Алматы қаласындағы мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына қаржыландыруға қатысты көптеген сұраныстар келіп түскен.

« Алматы қаласында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру қолданылады, Алматы қаласының әкімдігі қабылдаған барлық міндеттемелер толық көлемде орындалады. Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен 100 мыңға жуық бала мен жасөспірім (спорт және шығармашылық) қамтылды, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға 1763 спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер тартылды»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Сонымен қатар уәкілетті орган – Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар