Алматыға жеткізілетін 200 автобус неліктен кешіктірілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматыэлектротранс» ЖШС басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді, онда Алматыға жеткізілетін 200 қоғамдық көліктің неліктен кешіктіріліп жатқаны түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге осы автобустарды жеткізуге арналған тендерді жеңіп алған «Оптима» ЖШС басшылығы қатысты. Келісімшарт бойынша жеткізу мерзімі: 50 автобус - 2019 жылдың 30 маусымы; 150 автобус - 10 шілде деп көрсетілген.

«Шынында да, біз автобустарды көрсетілген мерзімге дейін жеткізуміз керек болған. Маусым айында кішкене уақыт беруді сұрадық. Себебі, біз осы техникамен келіскен жабдықты премиум класында ұсындық. Қоғамдық көліктің кейбір бөлшектері, яғни қорабы, америкалық болып шықты. Ал, автобустарда қолданылатын газ жабдықтары немістікі. Америкалық компоненттерге қатысты сұрақтарымыз болды. Құжаттарды ұсыну және қосалқы бөлшектерді жеткізу мерзімдері жабдықтаушылармен шегерілді. Осыған байланысты бізде Еуразиялық одақ аумағында пайдалану және кіруге рұқсат етілген көлік құралының түрін мақұлдау туралы куәлік алу мәселесі қозғалды. Бұған біздің Қытайдағы серіктес Zhong Tong компаниясы жауап береді. Олар Мәскеуде орналасқан сертификаттау орталығын таңдады. Бүгін сертификаттау рәсімі аяқталуға жақын. Біз автобустарды сынақтан өткіздік», - деді «Оптима» ЖШС өкілі.

«Оптима» ЖШС басшылығы қыркүйектің ортасына қарай 50 автобус келеді деп сендірді. Ал қазан айында қалған 150 автобус Алматыға жеткізілетін болады.

Сонымен бірге, «Алматыэлектротранс» ЖШС басшысы Ғани Тәжиев алғашқы 50 автобус Қорғаста тұрғанын айтты. Құжаттарды рәсімдеу аяқталғаннан кейін Алматыға жеткізіледі. Бұдан бөлек, тағы 60 автобус лизинг арқылы алынады. Zhong Tong компаниясы Алматыда автобустарға қызмет көрсету орталығын ашады.


Соңғы жаңалықтар