Алматыға Татарстан театры гастрольдік сапармен келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көршілес елден келген өнер ұжымы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Алматылық көрермен татар драматургі Ильгиз Зайниевтің "Бабайлар чуагы" (комедия), Туфан Миннуллиннің "Мулла" (драма), "Гөргөри кияүләре" (комедия) сынды үш қойылымын тамашалай алады.

Қазан қаласынан келген қонақтар М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында 9-11 қыркүйек аралығында өнер көрсетеді.

Қазақ сахнасына алғашқы гастролін 1964 жылы бастаған Татарстан театры Алматыға 5-ші рет келіп отыр.

«Бірінші спектакль адам өміріне жүргізетін уақыттың әмірін жеңу, қартайған шағында салы суға кетпей, іңірдегі махаббатын табу туралы болады. Спектакль қай кезде де адамның махаббатқа тәуелділігін көрсетеді.

Екінші қойылым Туфан Миннуллиннің "Молда" драмасы иманнан безіп, тоз-тозы шыққан татар ауылының жағдайын көрсетеді. Сахнадан қоғамды тура жолға жетелеуге талпынған жас молданың рухани азғындықпен жанкешті күресін көресіздер. Бұл қойылым мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Үшінші қойылым татар халқының этнографиялық бейнесінен сыр шертеді. Ән мен жырға толы комедияда Гэргери мырза өзінің кіші қызына лайық жігітті таңдайды. Сахнада мінездері бір-біріне қарама-қайшы үш жігіт қыз жүрегі үшін өлең мен жырдан додаға түседі», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар