Алматыға танымал футболшы Эстебан Камбьяссо келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 7 тамыз күні Алматыда «Super Bol!» әлеуметтік футбол жобасының ойыншылары Қазақстанның 2006-2008 жылдардағы құрамына қарсы матч өткізеді. Оған қатысуға мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойын Орталық стадионда сағат 20:00-де басталады. «Super Bol!» командасы сапында 16-дан 25 жасқа дейінгі жас ойыншылар өнер көрсетеді. Олар Талғардағы ұлттық құрама базасында дайындалып жатыр.

Қазақстан құрамасы қатарында Самат Смақов, Давид Лория, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, ағайынды Азовскийлер, Фархадбек Ирисметов, Дмитрий Бяков, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, Қайрат Әшірбеков, Данияр Мұқанов, Сергей Бойченко, Юрий Новиков, Игорь Солошенко, Руслан Балтиев, Эдуард Сергиенко және 2006-2008 жылдары ұлттық құрама сапында болған басқа да ойыншылар шығады.

Сонымен қатар, «Реал» мен миландық «Интердің» бұрынғы ойыншысы Эстебан Камбьяссо да қатысады. Матчқа арнайы түрде нидерланд маманы Арно Пайперс те келеді.



Бұл жобаның арнайы қонағы Эстебан Камбьяссо осы ойынға шақыртқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

«Қазақстанға арнайы сапармен келгеніме қуанып отырмын. Мен үшін ертең өтетін ойын өте маңызды. Осы іс-шара қазақстандық футболды дамытуға өз ықпалын тигізеді деп үміттенемін», - деді аргентиналық баспасөз мәслихаты кезінде.

Өз кезегінде қазақстандық бапкер Талғат Байсуфинов «Super Bol!» жобасына қатысушылармен жаттығулар өткізгенін айтты.

«Мен базада жігіттермен бірге орналастым. Осы орайда ертеңгі ойынға дайындықтың мән-жайын пысықтадық. Олар бұл ойыннан жақсы тәжірибе жинайды деген ойдамын. Осы жобаға қатысып жатқаныма қуыныштымын», - деді бапкер.

Айта кетейік, «Super Bol!» жас футболшылар жобасын ҚР Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қоры және Freedom Broker инвестициялық компаниясы қолға алған. Матч Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Билеттерден түскен қаржы қайырылымдылыққа жұмсалады.

Бұдан бұрын танымал Қазақстан футболшылары «Super Bol!»-мен матч өткізетінін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар