+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Алматыға таксимен 1 келі есірткі әкеле жатқан жамбылдық азамат ұсталды

2020 жылғы 23 қыркүйек 14:45
Бөлісіңіз:
Алматыға таксимен 1 келі есірткі әкеле жатқан жамбылдық азамат ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Есірткі жарнамалаған Петропавл тұрғыны 12 жылға сотталды

Анықталғандай, есірткі тасымалдаушы - Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б. есімді азамат болып шықты.

«Кеше кешкі сағат сегіздер шамасында Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері «Тойота Камри» көлігін тоқтатты. Оның ішінде Меркі ауылынан келе жатқан Б. есімді жолаушы ретінде отырды. Оның қатысуымен жеке тексеру кезінде ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен орамы табылып, тәркіленді. Кейінірек сот-химиялық сараптама анықтағандай, салмағы 1 келі, 088 грамм болатын гашиш болып шықты. Есірткі сатушы өзін-өзі ақтауға асықты, ол есірткіні үйден алып келе жатқанын және тек өзі ғана пайдаланатынын айтты», - дейді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Мәулен Қасымжан.

Шын мәнінде, ол үлкен шаһарға есірткі жеткізудің тұрақты арнасының бірі деген нұсқа бар. Осы бойынша жедел ақпарат мұқият тексеріліп жатыр.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелді.

Қылмыстық істі Наурызбай аудандық полиция басқармасы жүргізуде. Ұсталған азамат департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT